Өскеменде тағы да өрт шықты
Өскеменде тағы да үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар қызметі мәлім етті.
Оқиға 1-ші қараша күні Жастар көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өрт екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде шыққан. Жалынның жалпы ауданы 6 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар келген бетте 23 адамды, оның ішінде жеті баланы үйден алып шыққан. Әзірше өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз