Еуропалық мамандар Ұлан ауданынан қоқыс алаңын ашады
Еуропалық мамандар Ұлан ауданынан жаңа қоқыс алаңын ашады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар айтты.
– Еуропалық қайта құру және даму банкі кеңесшілер мен жобаны әзірлеушілердің арасында конкурс өткізді. Оларға өте жоғары талап қойылды. Аталмыш конкурсты жеңіп алған еуропалық мамандар Өскеменге бірнеше рет келіп, қазіргі қоқыс алаңын және жаңа полигонның орнын көріп кетті. Қазіргі уақытта жүріп жатқан дайындық жұмыстары 2020 жылы аяқталады, – деді Жақсылық Омар.