ШҚО-да қар көшкінінен сақ болуға шақырады
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
ШҚО-да бірнеше күн бойы қар жауып, боран соғуда. Мұндай ауа райы қар көшкініне әкеліп соғуы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдай қызметі облыс тұрғындарын сақ болуға шақырады.
Облыс аумағында көшкін қауіпі бар 497 орын бар, оның ішінде 336 орын адамдарға, нысандар мен автомобиль жолдарына қауіп төндіреді. Сондықтан төтенше жағдай қызметі қар және боран кезінде тауға не жолға шықпауға кеңес береді. Сонымен қатар, көшкін қауіпі бар орындарда көлікті тоқтатуға болмайтынынеске саллады.
Төтенше жағдай туындағанда «112» телефон номері арқылы құтқару қызметін шақырту қажет.
Оқи отырыңыз