ШҚО-да қатты боран соғады
Аймақ тұрғындарына қатты боран туралы ескертілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осыған орай Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға елді мекендерден алыстамауға шақырады.
- 19-20 ақпан аралығында қар жауады, жел 15-20 мс дейін күшейіп, соңы қатты боранға ұласуы мүмкін. Облыс тұрғындарын елді мекендерден шықпауды және автожолдардағы жағдайды бақылап отыруды ескертеміз, - деп жазылған ТЖ хабарламасында.
Қазір облыс аумағында республикалық маңызы бар үш және облыстық маңызы бар төрт тас жол жабылды.
Оқи отырыңыз