KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 8 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Семейде шыршалар заңсыз сатылып жатыр

24.12.2019, 08:04 118

Семей полиция басқармасы жаңа жыл қарсаңында «Шырша» жедел-профилактикалық шарасын жүргізуде. Іс-шара аясында қала және қала маңындағы орманға рейд жүргізілуде.

«Базардағы сатушылар шырша мен қарағайды Ресейден алып келгенін айтады. Олардың ең арзаны 4 мың теңге. Айта кету керек, шырша мен ағаштың күлтелері жылы үйде тез-ақ түсіп қалады. Базарға жүргізілген рейд барысында құжаты дұрыс емес 38 ағаш тәркіленді», – делінген басқараның баспасөз ақпаратында.

Полицейлердің сөзінше, ағашты заңсыз шапқандар қылмыстық жауапқа тартылады.

«Ағашты заңсыз шапса 120 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), яғни 303 мың теңге мөлшерінде айып салынады немесе 30 тәулік қамалады. Ал шабылған ағаш орман шаруашылығына тиесілі болса, онда 160 АЕК (404 мың теңге) мөлшерінде айып арқалайды немесе 40 тәулік қамалады».

Айта кетейік, «Шырша» жедел-профилактикалық шарасы 31 желтоқсанға дейін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив