KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

Шығыстағы әскери бөлімде мамандықтар бойынша даярлық жаттығулары өтіп жатыр

13.12.2019, 11:49 81

2020 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, әскери бөлімдегі барлық санаттағы әскери қызметшілермен мамандық бойынша даярлық жаттығулары жүргізілуде. Ол жауынгерлік даярлық аптасынан кейін басталған.

Негізгі мақсат – әскери қызметшілердің бөлімдегі жеке құрамның функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы зерделеуі, атуды, штаттық байланыс құралдарымен жұмыс істеуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету. Сабақтар әрбір әскери мамандық бойынша жеке өткізіледі.

Әскери қызметшілер оқу топтарының құрамында жұмыс істейді.

Оқытуды жауынгерлік сайыс пен оқу-жаттығулардың үздіктері мен жүлдегерлері атанған тәжірибелі әскери мамандар, нұсқаушылар жүргізуде.

Мәселен, мотоатқыштар бөлімшелерінде ЖӘҰМ (жаяу әскер ұрыс машиналарының) көздеуші-операторлар сияқты мамандар бар. Олар берілген мақсаттарды дәл және нақты жоя білуі және экипаж құрамында үйлесімді жұмыс істей алуы тиіс.

27943 әскери бөлімде әскери қызметшілерімен осы мамандық бойынша «Суворов тегеуріні» әскери халықаралық ойындарының қатысушысы көздеуші – оператор, аға сержант Ерасыл Маратов жұмыс істейді. 2016 жылы қазақстандық команда осы ірі жарыста үшінші орынды иеленген еді.

«Мамандық бойынша дайындық кезінде біз көздеуші-операторларды зеңбіректен ату және онымен қосарланған пулеметтен ату ережелерін үйретуіміз керек. Негізінен көздеуші-оператордың іс-әрекеттері айтарлықтай физикалық жүктемелермен байланысты. Сонымен қатар, ол ЖӘҰМ экипажының мүшелерімен тікелей және техникалық құрылғылардың көмегімен тұрақты байланыста болуы тиіс. Бұл қасиеттердің барлығы әскери қызметшінің кәсібилігін арттыру және өз мамандығы мен ұрыстағы мақсатын дұрыс түсіну үшін қажет», – деп атап өтті ол.

Қаһарман Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлім командирі подполковник Ержан Мейрманов бүгінгі таңда дайындықтан шамамен 1100 әскери қызметші өтуде. Оларға 83 оқу тобы мен 155-тен аса тәжірибелі нұсқаушы-сержант таңдалынып алынып, оқу-материалдық база, әскери техника мен оқдәрілер бөлінген. Еліміздің Қарулы Күштерінде тек сауатты, өз ісін жетік білетін жоғары білікті мамандар қызмет етуі тиіс. Сондықтан әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының жеке түрі ретінде арнайы дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді.

Бригада сержанты
1 сыныпты сержант Болат Құдабеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив