KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Өскеменнің полигонында танктер толассыз оқ атып жатыр

24.09.2020, 10:09 281

Бүгін Өскемен гарнизонының оқу полигонында танк бөлімшелерінің
Т-72 танк қаруынан штаттық оқ ату жаттығулары өтті.

Т-72 танк қаруынан штаттық оқ ату жауынгерлік даярлықтың негізгі бағыттарының бірі және танк экипаждарының далалық дағдысының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол әскери қызметшілердің атыс шеберлігін және барлық қашықтықтар мен жылдам қарқынмен дәл оқ атуды үйретуге бағытталған.

Оқ атуды іс жүзінде орындау – бұл танкистер үшін өте маңызды сәт. Өйткені мұндай сабақтардың нәтижелері бойынша жеке құрамның жауынгерлік даярлықтарын объективті түрде бағалауға болады. Т-72 танк қару-жарағынан штаттық оқ атулар жылына екі рет өткізіледі.

Жалпы күндізгі ату жаттығуында экипаждармен 1600-1800 метр қашықтықта орналасқан шартты нысана бойынша оқ атуы жүргізілді. Сондай-ақ танкішілер танк ішіне оқ-дәрілер жиынтығын салу бойынша және бөлімше мен оқ-дәрілерді жаяу жүру қалпынан жауынгерлікке көшіру, сондай-ақ керісінше көшіру бойынша нормативтерді жүзеге асырды.

Аталған тәжірибелік сабақ гарнизон бастығы подполковник Аслан Кітапбаевтың басшылығымен және «Шығыс» өңірлік қолбасшылық әскерлер қолбасшысының жауынгерлік даярлық бойынша орынбасары полковник Талғат Сапарбаевтың жеке бақылауымен өткізілді.

Әртүрлі қашықтықтағы нысаналарға Т-72 қару-жарақ техникасынан дәлдеп көздеу және дөп тигізіп атуда танк командирлері, көздеуші-операторлар мен механик жүргізушілер ептілік пен біліктілік таныта алды. Өскемен гарнизонынан лейтенант Құрмет Серикпай,  3 сыныпты сержант Бозжан Топиев пен ефрейтор Ерәділ Еркінов, Нұр-Сұлтан қаласының әскери бөлімінен кіші сержант Нұрлыбек Полжанов, Сұңқар Панас, қатардағы Азамат Ашен өздерінің кәсіби шеберліктерін тиісті деңгейде екендерін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жауынгерлік даярлық Департаменті жауынгерлік даярлықтың талдау және бақылау Басқармасының бастығы полковник Қанат Казизов мырза танкішілердің тапсырмаларды орындауын тексеріп, оқу-жаттығудың мақсаты толық орындалғанын атап өтті.

Айта кетерлігі, тәжірибелік сабақтар өңірліктердің танк бөлімшелері арасында жыл сайын Өскемен гарнизонының оқу полигонында өткізіліп келеді. Объектіде бұл үшін барлық инфрақұрылым бар.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу