KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

ШҚО құрамасы конфедерация кубогының қола жүлдесіне ие болды

12.12.2019, 10:25 166

Еркін күрестен облыс құрамасы биылғы республикалық конфедерация кубогының үздік үштігін түйіндеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осылайша, шығысқазақстандық бозкілем шеберлері кезекті рет мықтылығын дәлелдеді. Естеріңізде болса, былтырғы жарыстың финалында жерлестеріміз астаналық балуандардан басым түсіп, конфедерация кубогына ие болған еді.

Ал биылғы сында облыс намысын Мұхаммед Балғабай, Самат Қалтаев, Айбар Жылқайдаров, Алмас Жүніс, Азамат Дәулетбеков, Олег Болтин сынды балуандар қорғаған-ды.

Айта кетейік, Асқар Мұқашев жаттықтыратын облыс құрамасы қазан айында Қостанайда ұйымдастырылған іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен болатын. Сол жолы жерлестеріміз Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының құрамаларынан басым түсіп, финалдық кезеңге жолдама алған еді.

Өкінішке қарай, Алматыда өткен шешуші сында жерлестерімізге сәттілік жолдас болмады. Жартылай финалдық кездесуде біздің жігіттер Алматы облысының балуандарына жол беріп қойды. Сөйтіп, Шығыс Қазақстан облысының құрамасы екінші жартылай финалда ұтылған Алматы қаласының командасымен бірге биылғы конфедерация кубогының қола жүлдегерлері атанды. Ал бірінші және екінші орындарға сәйкесінше Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысының құрамалары ие болды.

Осы ретте байрақты бәсекеде жеңіске жеткен елордалықтар – 12 миллион, екінші орын иеленген алматылықтар – жеті миллион, ал үздік үштікті түйіндеген қос құраманың әрқайсысы үш миллион теңгенің сертификатын иеленгенін айта кету керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив