"Зейнетақы қоры" ШҚО аудандарын аралап қызмет көрсетеді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) «мобильді офисі» ШҚО аудандарын аралайды. Олардың айтуынша, ауылдағы тұрғындардың кейбірінің қалаға келуге мүмкіндігі жоқ.
– «Мобильді офис», яғни біздің шағын автобуста кеңседегі қызмет түрінің барлығы көрсетіледі. Мәселен, тұрғындар қанша зейнетақы қоры жиналғанын біліп, зейнетақы қорын сақтандыру қорына аударуға өтініш жазып, жеке басына «счет» ашып, оған ақша салуға және басқа да қызмет түрлеріне жүгіне алады, – деп түсіндірді «БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз хатшысы.
Бұл іс-шара ШҚО-да келесі жылы бірінші рет болады. Бұған дейін Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар облыстарында жүргізілген.
«БЖЗҚ» ауылдарға барардан бұрын тұрғындарға әкімшілік арқылы хабарлап, ескертеді.