KZ
Өскемен
-15°
облачно с прояснениями Штиль
518.14 537.57 5.27

ШҚО-да жүргізушілерді заңсыз тоқтатып айыппұл салу фактілері азайған

27.11.2019, 05:41 73

"Шығыс-Адалдық алаңы" жобасының арнайы мониторингтік тобының өкілдері жыл басынан бері жол жөндеу, медициналық қызметтерді көрсетуге байланысты, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, жол полициясы қызметкерлерінің жұмысына қатысты 35 тексеру жүргізген.

Тексеру қорытындыларында жіберілген кемшіліктер мен олқылықтар көрсетіліп, оларды жою бойынша нұсқау берілген. Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Станислав Каримовтың берген мәліметтеріне сүйенсек, 2018 жылдың алты айында жол жүру ережесін бұзуға қатысты 56 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылса, 2019 жылдың жарты жылында 30 мың хаттама толтырылған.

-Жол полициясы қызметкерлерімен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жүргізушілерді заңсыз тоқтату, оларға негізсіз айыппұл салу фактілері 25 мыңға азайды. Екінші жағынан, азаматтардың да жауапкершіліктері артып, жол жүру ережелерін бұзбауға тырысатындары байқалады. Арнайы мониторингтік топтың араласуынан кейін жол прлицейлерінің жәрдемақысының көлемі арттырылды, - дейді Станислав Каримов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу