KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскемендегі дәріханаларда 18 құқықбұзушылық фактісі анықталды

23.07.2020, 08:51 319

 Өскеменде құрылған мониторингтік топ 141 дәріхана мен 8 дәрі қоймасын тексерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш мобильді топтың құрамына облыстық «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің, қалалық «Nur Otan» партиясының, қалалық мәслихаттың және өзгеде қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген. Олар күн сайын қаланың орталық көшелерінде және шет аудандарына орналасқан дәріханаларда мониторингі жұмыстарын жүргізді. Бүгінге дейін 141 дәріхана мен 8 дәрі қоймасы тексерілді. Нәтижесінде 18 құқықбұзушылық фактілері анықталып, 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

- Арнайы WhatsApp нөмерге дәрі бағасының өскені туралы тұрғындардың хабарламалары келіп түсуде. Біз жергілікті атқарушы органмен бірлесіп жағдайды тексереміз. Дәрі-дәрмек бағасын шынымен қымбаттатқан нысандар анықталса, тиісті шаралар қолданылып, әкімшілік хаттама толтырылады – дейді. «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт.

Айта кетейік, дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілерін байқасаңыз, жемқорлыққа қарсы Call-center 1424 қоңырау шалыңыз немесе «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің WhatsApp-нөміріне хабарлаңыз: +7 702 000 24 94 («Adaldyq alańy» республикалық жобалық кеңсесі), + 7 778 474 69 35 («Шығыс – Адалдық алаңы» жобалык кеңсесі).

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу