KZ
Өскемен
-27°
туман Штиль
511.18 530.6 5.28

Өскемендік оқушы «Абилимпикис» олимпиадасында чемпион атанды

27.11.2019, 04:25 40

Өскемендегі «Ақ Ниет» мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Айым Серікжан республикалық «Абилимпикис» олимпиадасында чемпион атанды.

«Абилимпикис» – мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы кәсіби шеберлік чемпионаты.

– Айым – біздің талантты шәкіртіміз. Ол майда моншақтармен кесте тігудің шебері десек болады. Құлағы нашар еститіндіктен адамдармен көп қарым-қатынасқа түсе бермейді. Мінезі де ұяң. Сондықтан оған 100-ден астам жас қатысқан үлкен байқауға түсу оңай болмады. Десе де шеберлігімен жеңіске жетті, – дейді қосымша білім беретін мектеп-интернаттың мұғалімі Майнұр Әмірова.

Мектеп-интернаттың ұжымы балалардың жарысқа барып-қайтқан жол ақысын өтеп берген «Қазцинк» кәсіпорынына алғыс айтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу