KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
439.4 473.54 4.76

Ел чемпионатына бірден екі шығысқазақстандық команда қатысады - волейбол

26.11.2019, 06:20 217

Ертең Өскемендегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінде волейболдан Ұлттық лига командаларының қосалқы құрамдары арасындағы ел чемпионатының бірінші тур ойындары басталады. Доп додасында бірден екі шығысқазақстандық ұжым «Алтай-3» (Өскемен) және «Алтай-4» (Семей) командалары өнер көрсетеді.

Айта кетейік, сегіз күнге созылатын додада сегіз ұжым сынға түседі. Жарысқа өскемендік қос ұжымнан бөлек, «Алматы-2» (Алматы), «Қарағанды-2» (Қарағанды), «Жетісу-2» (Талдықорған), «Астана-2» (Нұр-Сұлтан), «Ертіс-Қазхром-2» (Павлодар) және «Қуаныш-2» (Петропавл) командалары қатысады.

Бір айта кетер жайт, алтайлық волейболшылар қарсыластарына қарағанда анағұрлым жас екен. Мәселен, жапондық бапкер Шито Коичи жаттықтыратын «Алтай-3» дені 16 жастағы ойыншылардан құралған. Ал семейлік ұжымның волейболшылары одан да жас. Сондықтан бұл бәсекеде топ жару жерлестеріміз үшін аса ауыр болатынын түсінікті. Алайда, «Алтай» клубының басшылығы мұндай жарыстарға қатысу арқылы жас волейболшылар тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдай түсетініне сенімді.

27 қараша, сәрсенбі

1. «Жетісу-2» – «Астана-2»;
2. «Ертіс-Қазхром-2» – «Қарағанды-2»;
3. «Алматы-2» – «Алтай-4»;
4. «Алтай-3» – «Қуаныш-2»;

28 қараша, бейсенбі

5. «Қарағанды-2» – «Жетісу-2»;
6. «Алматы-2» – «Ертіс-Қазхром-2»;
7. «Алтай-4» – «Қуаныш-2»;
8. «Астана-2» – «Алтай-3»;

29 қараша, жұма

9. «Жетісу-2» – «Алматы-2»;
10. «Қуаныш-2» – «Астана-2»;
11. «Ертіс-Қазхром-2» – «Алтай-4»;
12. «Алтай-3» – «Қарағанды-2»;

30 қараша, сенбі

13. «Алтай-4» – «Астана-2»;
14. «Ертіс-Қазхром-2» – «Жетісу-2»;
15. «Қарағанды-2» – «Қуаныш-2»;
16. «Алматы-2» – «Алтай-3»;


1 желтоқсан, жексенбі. Демалыс күні

2 желтоқсан, дүйсенбі

17. «Қуаныш-2» – «Алматы-2»;
18. «Астана-2» – «Қарағанды-2»;
19. «Жетісу-2» – «Алтай-4»;
20. «Алтай-3» – «Ертіс-Қазхром-2»;

3 желтоқсан, сейсенбі

21. «Алматы-2» – «Астана-2»;
22. «Ертіс-Қазхром-2» – «Қуаныш-2»;
23. «Алтай-4» – «Қарағанды-2»;
24. «Жетісу-2» – «Алтай-3»;

4 желтоқсан, сәрсенбі

25. «Қарағанды-2» – «Алматы-2»;
26. «Қуаныш-2» – «Жетісу-2»;
27. «Астана-2» – «Ертіс-Қазхром-2»;
28. «Алтай-3» – «Алтай-4».

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив