KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Көше тазалықшыларына ыстық шәй құйып берді – Семей

26.11.2019, 03:36 158

Семейдің жастары аязды күні көше қызметкерлеріне ыстық шәй мен тәтті тоқаш таратты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

«Жас Отанның» Шығыстағы филиалы мен Семейдегі жастар ресурстық орталығының ұйымдасытурымен өткен акцияға 100 адам қатысты. Жастар орталығының жетекшісі Олжас Соғымбайдың айтуынша, олар екі топқа бөлінді.

– Екі топқа бөлінгендіктен біздің еріктілердің өздері тоңған жоқ. Бірінші топтың шәйі таусылғанда екінші топ оларды алмастырып отырды,  - деді ол.

Жастар түс кезінде аялдамада автобус тосқан қала тұрғындарына, зообақтың қызметкерлеріне, кешкілік қар күреп, көше сыпырған коммуналдық шаруашылық жұмысшыларына ыстық шәй мен тәтті тоқаш ұсынды.

– Бізге ыстық шәйларыңыздан гөрі ыстық ықыластарыңыз үлкен демеу болды, – деді коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің бірі.

Айта кету керек, Семейге келетін республикалық маңызды жолдардың бойына 7 жылыту пункті орнатылды. Онда да ыстық шәй ішуге мүмкіндіктер бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив