KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

ШҚО-дағы тігін цехының өніміне сұраныс артты

25.11.2019, 06:52 60

Жарма ауданына қарайтын Шар қаласындағы тігін цехының өнімдеріне сұраныс артты, деп хабарлайды Altaynwes тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожиннің қалаға жасаған іссапарының барысында айтылды.

Аталмыш цех 1993 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп келеді. Ұлттық және арнайы киімдермен қатар, киіз үй жабдықтарын тігумен айналысады. Қала жұртшылығын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған цех бүгін аясын кеңейткен. Нарықта өзіндік орыны бар. Қазіргі цехтың өніміне облысымыз аумағында сұраныс артып отыр екен.

- Жергілікті кәсіпкердің жұмысын жетілдіруге жергілікті атқарушы билік ынталы екенін жеткізгім келеді, барынша қолдауға әзірмін. Осы бағытта бірлескен бірнеше жобалар ұсынылды, - дейді аудан басшысы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу