KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Қапай Батыр ауылы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

14.05.2020, 20:00 172

Ағымдағы жылы Жарма ауданында бірнеше нысандар бой көтеріп, бірнеше ауыл таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Қазір Қапай Батыр ауылы іргесінде қарқын алған сумен жабдықтау желілерінің құрылысы қарқын алған екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. Аудан басшысы жуықта құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесіп қайтыпты.

- Жалпы құны 280 млн. теңгенің құрайтын жоба арқылы 106 түтіні бар ауыл ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Жыл санап қатары артып келе жатқан ауылға бұл жоба тұрмысын арттырып, тіршілігін ілгері бастыруға көп ықпал ететін болады. Мердігер «KAZFROFSTROY HOLDING» ЖШС басшылығы құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, қыркүйек айында қолданысқа беруді көздеп отыр. Оған қажетті техника да, жұмыс күші де жеткілікті. Бүгінгі таңда 30 адам тұрақты жұмыс істеуде екен. Оның 10 жергілікті тұрғын. Қосымша тағыда жергілікті халықты жұмысқа тартуды жоспарлап отыр, - дейді Ахметқали Нұрғожин.

Аудан басшылығы ауыз суды тұрғын үйлерге тарту мәселесінқарастыруда. Сондай-ақ, мердігер компания аз қамтылған, көп балалы жанұялар мен қарияларға ауыз суды тегін тартып беруді мойындарына алып отырғанын айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив