KZ
Өскемен
-4°
снег жел 9 м/с, Ю
521.81 543.67 5.05

Өскемендегі 22-ші шағын ауданның сапасыз үйлері тексеріледі

22.11.2019, 08:21 143

 Орталық коммуникациялар қызметі өткізген брифингте ШҚО әкімі Даниал Ахметов республикалық БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді,  деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Қазақстан»  ұлттық телеарнасы тілшісінің айтуынша, Өскемендегі  №22 шағын ауданға салынған тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді, аталмыш арнаның журналистері жақында осы мәселе туралы сюжет те жасаған болатын.

-Өскемен қалалық әкімдігі  сапасыз салынған үйлерге қайтадан қаржы бөліп,  жөндеуден өткізуді қолға алғалы жатыр екен. Осы туралы не айтасыз?,-деді журналист

Аймақ басшысы бұл мәселенің  мән-жайын анықтап тексеретінін, аталған ауданда инфрақұрылымдық жобалар жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

-          22-ші шағын ауданда бюджеттен  салынған үйлер жоқ. Бұл жерде айта кетер тағы бір мәселе, осы маңайдағы құрылыстар  кезінде  Виктор Храпунов әкім болып тұрған кезде басталған. Дегенмен, көтерілген мәселе жан-жақты тексеріледі, барлығы заң аясында шешіледі, деді  Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу