Денесінің 40 пайызы күйіп қалған - Аягөздегі жарылысқа қатысты дәрігерлердің мәліметі
Аягөз қаласындағы жер үйлердің бірінде 5 литрлік газ баллоны жарылып, бес адам ауданаралық емханаға түсті. Біреуі реанимацияда жатыр, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме беріп.
«Жансақтау бөліміндегі адамның бас, мойын, кеудесін термиялық күйік шалған. Жалпы айтқанда, денесінің 40 пайызы күйіп қалған. Оған шокқа қарсы әрекеттер істеліп жатыр. Ал қалған төрт адам (екеуі бала) хирургия бөлімінде. Барлық медициналық көмек түрлері көрсетілуде», – делінген басқарма ақпаратында.
Қазіргі кезде газ баллонының жарылу себебі де анықталып жатыр.