ШҚО-да қойдың басын үйітпек болған ер адам отқа күйіп қалды

Оқыс оқиғаға ақауы бар дәнекерлейтін лампа себеп болған. Қойдың басын үйітіп отырған ер адамның денесінің 90 пайызы күйіп қалыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ТЖД мәліметіне сүйенсек, бензиннің парынан тұтанған өрт сырт киімге тиіп кеткен екен.
39 жастағы ер адам термиялық күйіктермен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы аса ауыр.
Айта кетсек, өткен демалыс күндері ШҚО-да тағы бір адам отқа күйіп қалды. Оқиға Бесқарағай ауданында болған. Өртті өз күшімен сөндірмек болған әйел адамның қолдарын күйік шалды.
Оқи отырыңыз