ШҚО-да 33 градусқа дейін аяз түседі
Алдағы күндері Қазақстанның алты облысында аяз түседі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Төтенше жағдай бойынша Комитеттің баспасөз қызметі мәлімдейді.
19-21 қараша аралығында:
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында сынап бағаны түнгі уақытта минус 20-25, кей жерлерде минус 25-30 градусқа дейін көрсетеді.
Ақмола, Павлодар облыстарында – минус 15-20, кей жерлерде минус 25-30 градусқа дейін күн суытады.
20-21 қараша аралығында:
Қарағанды облысында – минус 22-27, кей жерлерде 30-33 градусқа дейін аяз болады.
ШҚО-да – ауа температурасы минус 18-23 градусқа, кей жерлерде минус 25-33 градусқа дейін төмендейді.
Осыған орай Төтенше жағдай қызметі жедел апаттық-құтқару жұмыстарына дайындалуда.
Бұл күндері адамдарға ауа райындағы өзгерістер мен төтенше жағдай туралы хабарландыруларға мән беру, сондай-ақ, көлікпен не жаяу алыс жолға шықпау ескертіледі.
Боран немесе аяз кезінде жолда қалып қойсаңыздар, 112 номері бойынша көмек сұрау керек екенін еске саламыз.