KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Айдың соңында 35 градусқа дейін аяз түседі

29.01.2020, 09:29 291

30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Қазақстан аумағында минус 35 градусқа дейін аяз түседі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ресублика аумағына Орал жақтан ығысқан суық антициклондардың әсерінен қар мен боран тоқтайды. Алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз болмақ. Алайда солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі уақытта минус 25...30 градусқа дейін, кей жерлерде минус 35 градусқа дейін аяз түседі деп күтілуде.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста сынап бағаны түнгі уақытта минус 5...10, кей жерлерде минус 13...22 градус аязды көрсетеді.

Батыс Қазақстанда жылы атмсофералық бағыттардың ауысуына байланысты жаңбыр аралас қар жауып, ауа температурасы жоғарылайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу