KZ
Өскемен
-24°
туман Штиль
512.16 594.72 6.57

Өскеменде баспанасыз қалған отбасыға көмек қажет

19.11.2019, 06:24 733

Өскеменде 16 қараша күні Центральная, 125 мекен-жайындағы жер үйде өрт шықты. Ағаш үй толықтай өртенген. Тіпті, үй ішінде қалып қойған үй хайуанаттары да бірге жанып кеткен. Үй иелерінің бірі зейнеткер, енді біреуі 3-ші топтағы мүгедек. Баспанасыз қалған жандарға көмек қажет, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Бұл туралы үй иесінің қызы әлеуметтік желіде жазып отыр.

- "Үйіміздің сау тамтығы қалған жоқ. Ит-мысыққа дейін жанып кетті. Дүние-мүлкімізден айырылдық. Әжем – зейнеткер, әкем 3-ші топтағы мүгедек. Кез келген көмекке зәруміз", - деп жазады Виктория есімді бойжеткен Instagram әлеуметтік желісінде.

Айтуынша, қазір олар көршілерінің үйін паналап отыр екен.

Қосымша ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 87058716851 (Тамара).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу