KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Қазақстанда судың тарифі арзандады

12.11.2019, 05:12 168

Елімізде ыстық су мен суық судың тарифтері арзандады, деп хабарлады Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы energyprom.kz сайтында жарияланды.

Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда ыстық судың бағасы 7%-ға, суық су - 8%-ға төмендеген екен. Табиғи су жеткізу мөлшері бір жыл ішінде 5%-ға артып отыр.

Жыл көлемінде Қазақстан бойынша ыстық судың тарифі 6,9%-ға арзандаған. Әсіресе, су бағасы Ақтөбеде айтарлықтай төмендеген - 28,5%-ға, 1 ш.м. - 180,3 теңгеге дейін. Талдықорғанда - 186,8 теңгеге, яғни 24,7%-ға. Қазір ең жоғары тарифтер Алматы (394,2 теңге), Қостанай (359,2 теңге) және Қарағанды (337,9 теңге) қалаларында байқалады. Тек атырау қаласында ғана ыстық су тарифі 8,6%-ға көтерілген.

Қазақстан бойынша суық судың тарифі орташа алғанда 7,6%*ға арзандады. Әсіресе, Тараз ( 23,9%-ға, 1 ш. м - 54,8 теңгеге дейін) бен Қызылорда (22,7%-ға, 1 ш. м - 47,3 теңге) қалаларында. Ең қымбат тарифтер – Ақтау (223,9 тг), Атырау (103,8 тг) және Қарағандыда (101,2 тг).

Кәріз жүйелері бойынша қызметтердің тарифтері керісінше 0,2%-ға көтерілген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив