KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да коммуналдық қызметтердің тарифі төмендеді

17.04.2020, 09:25 184

Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық қызметтердің тарифі төмендеді. Тұтынушылар сәуірдің жаңартылған түбіртектерін мамыр айында алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәлімдеуінше, төтенше жағдай режиміне байланысты коммуналдық қызметтердің тарифі төмендеді.

Мәселен, «Шығысэнерготрейд» ЖШС «бірінші деңгейлі» тариф енгізді. Яғни 1 кВт/сағ 9,098 теңгеден 8,916 теңгеге болды.

 «Жаңа Согра» КМК:

Сумен жабдықтау тариф 10 пайызға арзандады. Енді 34,69 емес, 31,22 теңге болады. Ал суды бұру бойынша жалпы тариф 19,16 теңгеден 17,24 теңге түсті.

 Риддер қаласындағы «Водоканал» КМК:

Жеке есептеу аспаптары бар үйлер сумен жабдықтау қызметі үшін 29,41 теңгенің орнына 28,53 теңгеден төлейді. Демек қызмет құны 2,99%-ға төмендеді. Ал жеке есептеу аспаптары жоқ үйлерге арналған тариф 36,64 теңгеден 35,54 теңге төмендеді.

Су бұру бойынша жеке есептеу аспаптары үйлерге арналған тариф 20,98 теңге, 3%-ға арзандады.  Жеке есептеу аспаптары жоқ үйлерге 26,72 теңгеге төлейді, 3,01%-ға төмендеді.

 Курчатов қаласындағы «Курчатов Водоканал» КМК:

сумен жабдықтау қызметінің құны – 45,8 теңге, су бұру –  55,55 теңге.

 Алтай қаласындағы «Тепловодоцентраль» КМК:

жылумен жабдықтау қызметіні тарифі 3767 теңге болды. Яғни 2,09 пайызға төмендеді.

Сумен жабдықтау тарифі 2%-ға арзандап, 55,94 теңгеден 54,82 теңгеге түсті.

су бұру тариф 84,17 теңгеден 82,49 теңгеге немесе 2% - ға төмендеді.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде бұрын қарыз болған тұтынушылар  коммуналдық қызметтен қол үзіп қалмайды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу