KZ
Өскемен
-13°
туман жел 2 м/с, З
499.22 519.14 5.64

Тағы да той кортежі. Артқа жүретін BMW иесі әлі іздестіріліп жатыр - Семей

12.11.2019, 04:37 77

 

Семейде үйленген жастардың кортежі көшедегі көлік қозғалысына кедергі келтірді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі zello_semey Инстаграм парақшасына сілтеме беріп. Парақшада "Бұл - Семей, балақай!" деп жазылған.

Видеодан көргеніміздей, қара түсті BMW автокөлігі аспалы көпірдің үстінде артқа қарай жүріп барады. Жанында екі мәшине апаттық шамдарын жағып, жолын ашып келеді. Ал соңынан ерген мәшинедегі жастар осы сәтті видеоға түсірген.

"Осылардың кесірінен балам автобуста басын екі рет соғып алды. Өтуге мүмкіндік бермегендіктен автобус жүргізушісі тежегішті шұғыл басқан болатын", деп жазыпты желі қолданушыларының бірі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол ережесін бұзғандар іздестіріліп жатыр. Жүргізуші ереже бұзғанымен қатар мемлекеттік нөмірін алып тастағаны үшін де айыпқа тартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу