KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 5 м/с, ОБ
443.16 480.39 4.94

ШҚО әкімі Д.Ахметов жаңа тағайындалған басшыларға қатысты пікір білдірді

11.11.2019, 04:14 198

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өз тағайындауларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемендегі қос бірдей басқармаға жаңа басшы келгендігі туралы жазған едік. Осы уақытқа дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарған Дәулет Батырбаев энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына басшы болып орналасты.

– Қалаға қайта оралды. Біз жалпы бір орында тоқтап қалуды тез әдетке айналдырамыз. Қай жерде жұмысты өндіріп істесең, сол жерде тұруың керек, – деді Д.Ахметов.

Сондай-ақ Ержан Нұрбаев ауылшаруашылық басқармасына басшылық етеді. Аймақ басшысы бұған қатысты:

– Ол азамат аграрлық секторды бір кісідей біледі, – деп пікір білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив