KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
450.79 482.21 5.05

Даниал Ахметов ШҚО-ның бөлінуіне қатысты пікір білдірді

16.03.2022, 14:41 123

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы аяқталғаннан кейін, ШҚО әкімі Даниал Ахметов журналистерге Абай облысын құру туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.

ШҚО әкімі мұндай өзгеріске өте жақсы қарайтынын айтады.

"Бұл өте жақсы бастама, тағы не айта аламын. Енді екі облыс болады. Халыққа жақсы, бізге де жақсы", - деді Даниал Ахметов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынған еді.

"Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған", - деді Тоқаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив