KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да жиырмадан астам мектеп пен колледждің атауы өзгеруі мүмкін

5.11.2019, 10:20 199

Республикалық ономостика комиссиясына облыстағы бірнеше мектептің атын өзгерту туралы ұсыныс жіберілді. Бұл шешім облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қабылданды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

 

Өскемен қаласы бойынша:

«Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясына» Лев Гуимлев есімін беру;

№39 орта мектепті Ыбырай Алтынсарин есімімен атау;

«Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне» (Педколледжге) Абайдың есімін беру.

 

Семей қаласы бойынша:

№49 орта мектепті Абай есімімен атау;

№3 орта мектепті Мұхтар Әуезов есімімен атау;

№47 орта мектепті Ахмет Байтұрсынов есімімен атау;

№37 гимназияны Ыбырай Алтынсарин есімімен атау;

№39 орта мектепті Әлихан Бөкейханов есімімен атау;

№34 орта мектепті Бауыржан Момышұлы есімімен атау;

№2 орта мектепті Қаныш Сәтбаев есімімен атау;

Пригород орта мектебін Жүсіпбек Аймауытов есімімен атау;

«Семей халықаралық әуежайына» Абай есімін беру.

 

Бесқарағай ауданы бойынша:

Березовка орта мектебін «Бозтал орта мектебі» деп қайта атау;

Үлкен Владимировка орта мектебін «Қайрат Рысқұлбеков орта мектебі» деп қайта атау;

Борас орта мектеп-бақшасын «Абай атындағы орта мектеп-бақша» деп қайта атау;

 

Шемонайха ауданы бойынша:

№5 орта мектепті Ахмет Байтұрсынов есімімен атау;

№4 орта мектепті Шәкәрім есімімен атау;

«Қызыл Шемонайха негізгі орта мектебін» «Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектеп» деп қайта атау;

«Михайловка орта мектебін» «Шоқан Уәлиханов орта мектебі» деп қайта атау.

 

Глубокое ауданы бойынша:

Прапорщиково орта мектебін Дінмұхаммед Қонаев есімімен қайта атау;

Переваловка орта мектебін Мәлік Ғабдуллин есімімен қайта атау;

Бобровка орта мектебін Ахмет Байтұрсынов есімімен қайта атау;

Ушанов орта мектебін Бауыржан Момышұлы есімімен қайта атау.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу