Өскеменде бір күнде екі рет өрт шықты
Өскеменде бір күнде екі жерде өрт шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар қызметі мәлім етті.
Қазан айының 26-сы күні сағат 19:13 кезінде «Родничок» ауданындағы 10-шы көшенің бойындағы жер үйлердің бірі отқа оранды. Өрттің жалпы ауданы 8 шаршы метр. Дәл осы күні сағат 19:47 шамасында Молдағұлова көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Жалын бесінші қабаттағы үш бөлмелі пәтердің жатын бөлмесінде басталған. Өрт сөндірушілер келгенше үйдегілер балконда тұрыпты. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метр.
Оқи отырыңыз