Семейде бір ай бұрын құлаған ағаш неге жиналмай жатыр?
Семейде бір ай бұрын құлаған ағаш сол бойы жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Семейдегі Первомайская 24А мекенжайында ағаш құлап, тұрғындарға қолайсыздық тудырғанын жазған болатынбыз. Тұрғындардың айтуынша, ағашты сол беті ешкім жинамаған. Осы сұраққа қатысты қалалық ТҮКШ бөлімі не дейді?
– Ағашты ешкім отаған жоқ, ол өзі апаттық жағдайда тұрған болатын. Бұл үйдің тұрғындары ешқандай ПИК-пен келісімшартқа жасамаған. Сондықтан бұл үйге «Жемчужина голд» ЖШС қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта мердігер ұйыммен мәселені шешуді қарастырып жатырмыз, - дейді ТҮКШ бөлімі мамандары.