Өскемен гарнизонының әскерилері Жолдауға қолдау білдірді
Өскемен гарнизонының әскери қызметшілері Мемлекет Басшысы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауын ерекше ықыласпен тыңдады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Өскемен гарнизонының жеке құрамы мемлекет Басшысы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның Қазақстан халқына арнаған жолдауын қолдайды.
Мемлекетіміздің барлық азаматтарына, соның ішінде мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуші әскери қызметшілерге Президент Жолдауында көптеген маңызды ақпараттар мен басымдылықтар айтылды.
«Мен, өз Отаныма сеніммен адал қызмет ететін, азамат ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы талаптарын мүлтіксіз орындап, үлкен сеніммен қараймын. Тәуелсіз мемлекетіміз өзінің ерекше даму жоспарына сәйкес дамып, алға басып келеді» - дейді 27943 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Абзал Таждинов.
Әскери бөлімнің барлық жеке құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағында тікелей эфирден тыңдады.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі