KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

200 теңге тиынға айналатын болды

18.10.2019, 04:26 266

Қазақстанның Ұлттық Банкі 200 теңгелік тиын ақша шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, жаңа тиындар 2020 жылы айналымға шығады.

«Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттар мен тиындардың қолданылу мерзімі көбірек. Тиындардың қолданылу мерзімі – 10-15 жыл», – дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің басшысы Жомарт Қажмұратов.

Ал номиналы 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қала бермек. Олар төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылданады. Табиға тозуына қарай айналымнан алынады екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу