200 теңгелік тиын ақша айналымға шықты
Қазақстанда 200 теңгелік тиын ақша айналымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Номиналдық құны 200 теңге болатын циркуляциялық тиын ақша 28 қаңтарда, яғни бүгін ғана айналымға шығарылған екен.
Жаңа тиынның дизайны қазақстандық теңгенің банкноттары мен монеталарына сәйкестендіріліп жасалыпты. Дизайнның стилистикасы шығыс пен батыс мәдениетінің көркем элементтерінің бірігуінен құрылған. Тиынның сыртқы шеңбері нейзельберден (мыс, никель және цинктің қоспасы), ішкі диск – никельді жезден жасалған. СБет жағында тиынның номиналыкөрсетіліп, ою-өрнекпен көркемделген. Сыртқы жағында Қазақстанның елтаңбасы мен QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY деген жазу бейнеленген. Тиындағы жазулардың барлығы латынша қаріппен түсірілді.
200 теңгелік қағаз валюталарды тиын ақша ауыстыру туралы өткен жылы айтыла бастаған. Үнемі қолданыстағы банкнота болғандықтан, тез ескіретіні ескеріліп, оны тиынға алмастыру жөнінде шешім қабылданған еді.