Конор октагонға оралды. Қарсыласы кім?
Ирландиялық файтер Конор МакГрегор желтоқсанда жеңіл салмақ бойынша UFC-дің бұрынғы чемпионы Фрэнки Эдгарға қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы rsport.ria.ru. мәлімдеді.
Соңғы рет 31 жастағы ирландиялық спортшы 2018 жылы 6 қазанда октагонға шыққан еді. Ол кезде МакГрегор дағыстандық Хабиб Нурмагомедовтен жеңілді.
UFC ұйымы Twitter желісіндегі ресми парақшасына 38 жасқа толған Эдгарды туған күнімен құттықтап, жазба жарияланған еді. Үш сағаттан соң осы жазбаға МакГрегор былай деп жазды: «Туған күніңмен, Фрэнки. Желтоқсанда кездесеміз». Оған жауап ретінде: «Рақмет. Мен келісімімді бердім. Ендігі ісім сенімен. Дана Уайт, жекпе-жекті ұйымдастырыңыз», - деп жазды Эдгар.
Өз кезегінде МакГрегор де UFC басшысынан жекпе-жек ұйымдастыруды өтініп, өзіне тиесілі гонорарды қайырымдылыққа жұмсауды сұрады.
Айта кетейік, Эдгар спорттық мансабында 31 жекпе-жек өткізіп, 23 рет жеңіске жеткен. Шілдеде ол Макс Холлоуэйден жеңілді.