KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Хабиб Нурмагомедов Instagram-да «біртүрлі» жазба қалдырды

25.01.2021, 15:19 297

Хабиб Нурмагомедов футболға ауыса ма? UFC чемпионы Instagram-да «біртүрлі» жазба қалдырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Спортшы әлеуметтік желіге жүгіріп-жаттығып жүрген бейнежазбасын жариялап:
– Үлкен футболдағы алғашқы ойынға дайындалып жүрмін. Ұсыныстар болса, күтемін. Байқап көрейік, – деп жазды.
Футболшы болуы – дағыстандық жігітің бала арманы екені белгілі. Ол осы уақытқа дейін қоян-қолтық төбелестен гөрі, футболды нөмірі бірінші спорт түрі деп санайтынын жасырмай айтып келді. Достарымен бірге теңбіл доп теуіп жүргеніне желі қолданушылары да талай рет куә болған. 

 – Футбол жақсырақ. Онда біреуді ұрып-соғудың қажеті жоқ. Жасыл алаңға шығасың да, өзіңнің кәсіби шеберлігіңді паш етесің. Футбол маған ММА-ден де, UFC-ден де қатты ұнайды. Футболды қанша уақыттан бері көріп келемін, қанша көрсем де жалықпаймын. Ал UFC-ге келетін болсақ, бұрын жекпе-жектерді де бірін қалдырмай көретінмін, бірақ қазір мұнда құлдырау бар, –  деп сұхбат берген еді бірде Хабиб.

Хабиб Нурмагомедов октагонға ақырғы рет өткен жылдың қазан айында шықты.  Абу-Дабидегі турнирде Джастин Гэтжиді мерзімінен бұрын жеңіп, чемпион титулын үшінші рет сәтті қорғады. Осыдан кейін ол спорттық мансабының аяқталғанын жариялады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив