KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Роналдуда 700 гол: ақ формада – 370, қызыл формада - 177, қара формада – 40...

15.10.2019, 10:04 201

Криштиану Роналду өз карьерасындағы 700-іші голын соқты. Әлемге әйгілі сұрмергеннің статистикасындағы қызықты сандармен таныс болыңыздар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Криштиану Киев жасыл алаңында тағы бір тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Теңбіл доп жанкүйерлеріне мәлім, Португалия мен Украина құрамалары «Еуро-2020» турнирі іріктеуінің топтық кезеңінде күш сынасты.  Украиналықтар 30-шы минутта екі бірдей гол салып, есепті еселей түскен.  Одан әрі Роналду шабуылды үсті-үстіне үдетті: қақпаға 8 мәрте тура соққы жасады. Сұрмергенге сәттілік серік болмағанымен, Степаненко септігін тигізді.  Украина құрамасының жартылай қорғаушысы қолмен ойнағаннан кейін, доп тиісті нүктеге қойылды. Мерген мүлт кетпеді. Роналдудың 700-інші голы командаға жеңіс сыйламады. Әйткенмен футбол тарихына елеулі өзгеріс енгізді. Криштиану Роналду футбол футбол болғалы ең көп гол соққан алтыншы сұрмерген атанды. Сарапшылар португалиялықтық үздік бестікке әбден үмітті екенін айтып отыр.     

Сонымен 700 гол, 973 матч.  Яғни әрбір ойында 0,72 гол ықтималдығы болған.

• Оның 450-ін «Реал» сапында соқты. 118-ін «Ман Юнайтед», 95-ін ұлттық құрама, 32-сін «Ювентус», 5-еуін «Спортинг» шабуылшысы ретінде қақпаға тоғытты.

Ла Лигада 311 доп, Чемпиондар лигасында 127, АПЛ-да 84 доп соқты.

Роналду әсіресе «Севильияға» жиі гол салған екен. Одан кейінгі орындарда «Атлетико» (25), «Хетафе» (23) және «Барселона» (18) командалары бар.

• 444 голды оң аяқпен, 126-сын сол аяқпен, 128-ін баспен салды.

* Ал ең алғашқы голын Роналду 17 жыл бұрын соқты: 2002 жылы қазан айында «Спортингтің» «Морейренстен» басым түсуіне көмектесті.

* Шабуылшы 370 голды ақ формада, 177-сін қызыл, 40-ын қара, 27-сін қарала, 20сын көк, 13-ін жасыл, 8-ін сұр, бесеуін тоқсары, бесеуін күлгін, үшеуін ақжасыл, екеуін қара-сары, екеуін қарасұр, біреуін күлгін формада ойын көрсеткен кезде салған екен.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу