Криштиану Роналдудың жиған-тергені кімге қалады?
Туриндік «Ювентустың» сұр мергені Криштиану Роналду мұралық құжат толтырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы AS порталы мәлімдеген. Басылым мәліметінше, 34 жастағы футболшы Лиссабонда адвокаттармен кездесіп, құжаттың егжей-тегжейін талқылаған. Португалиялық спорт жұлдызының жиған мұрасына басты үміткер – оның сүйіктісі Джорджина Родригес. Алайда оның бәрін футболшының анасы Долорес Авейру қадағалауда ұстайтын болады. Қазіргі уақытта Роналдудың тірнектеп жиған қаражатының көлемі 300 миллион еуро шамасында.
Естеріңізде болар, Роналду мен Родригес 2018 жылдық қарашасында некелесті.
Оқи отырыңыз