KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, В
480.55 533.75 5.36

"Су қоймалары қауіп төндіру үшін салынғандай" – Көкпектінің әкімі

4.10.2019, 10:50 136

«Су қоймалары тек қана көктемде елді мекендерге қауіп төндіру үшін салынғандай». Көкпекті ауданындағы су қоймалары «ҚазСуШар» комитетінің балансына берілуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы аудан әкімінің қатысуымен өткен баспасөз жиынында айтылды.

Аудан әкімінің сөзінше, ауданда 11 су қоймасы мен 20-дан астам өзен бар. Олар әзірге егін шаруашылығына тиімді пайдаланылмай отыр.

– Су қоймаларымыз тек қана көктемде елді мекендерге қауіп төндіру үшін салынғандай. Ал өзендеріміз пайдаланусыз, Бұқтырмаға ағып кетіп жатыр. Біз болашақта бұларды игілікке жаратуымыз керек. Сондықтан да, су қоймалары мен иесіз қалған каналдарды «ҚазСуШар» комитетінің балансына беру мәселесін көтеріп отырмыз. Сонда оған егін шаруашылығына пайдалану үшін қаражат бөліне бастайды. Осылайша біз суармалы жерлерді ұлғайта аламыз, – деді Асхат Смаилов.

Айтуынша, ауданда 16 мың гектар суармалы жер бар. Соңғы екі жылда жауынның аз жаууынан шаруа қожалықтарының кейбіріне қысылтаяң туды. Өзендер тартылып қалғандықтан, каналдарға жеткен су мөлшері аз болды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив