KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,4 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Электр энергиясын пайдаланып келген мектептер енді көмірге көшеді – ШҚО

4.10.2019, 09:45 158

Көкпекті ауданында электр энергиясымен жылытылып келген мектептер енді көмір жағатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы аудан әкімінің қатысуымен өткен баспасөз жиынында айтылды.

Әкімнің сөзінше, ауданда бюджет шығындарының негізгі бөлігі білім саласын жұмсалады. Мәселен, биыл осы салаға 3 миллиард 600 миллион теңге қаржы қарастырылған.

– Биыл 20-дан астам мектепте жөндеу жұмысын жүргіздік. Солардың ішінде үш мектепті электр энергиясынан көмір жағуға ауыстырдық. Келесі жылы тағы да үш мектеп көмірге көшеді. Сонда электр энергиясына кеткен шығынымыз үш есе азаяды. Осылайша бюджет шығындарының негізгі бөлігі жұмсалуға тиіс саладан қаржы үнемдеп отырмыз. Бұдан бөлек аудан бюджетінен қаржы қарастырып, егін шаруашылығына табиғаты да, жері де қолайсыз Үлгілімалшы, Теректі ауылдарындағы мектептерге 2 жылыжай салдық және 2 автобус пен 40 миллион теңгенің сомасына компьютерлер алып бердік, –  деді Асхат Смаилов.

Келесі жылы көмір жағатын мектептердің қатарына Самардағы Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицей де кіреді екен. Облыста үздік аталған білім ошағы аймақ басшысы Даниал Ахметовтың қолынан 34 миллион теңге жүлде алған болатын. Сол қаржы толықтай мектептің жылу жүйесін жөндеуге жұмсалмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив