KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, З
475.18 510.72 5.47

Ертең Өскеменнің үйлеріне жылу беріледі

30.09.2019, 09:18 174

Өскемен үйлері ертеңнен бастап жылу беру жүйесіне қосылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– 2019 жылы 1 қазаннан бастап «Өскемен жылу желілері» АҚ-ның жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған нысандарға жылу беріледі бастайды, – деп мәлімдеді «Өскемен жылу желілері» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Қазанның 1-нен 7-не дейін техникалық дайындығы бар нысандарды жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүреді. Ал №3, 4, 6, 7 және 9 қазандықтарды іске қосу жылуды ең аз қамтамасыз ететін нысандардың дайындығына қарай жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік, ukteplo.kz сайты  немесе «Өскемен жылу желілері Жеке кабинет» мобильдік қосымшасы арқылы өз үйлеріңіздің жылыту маусымына дайындық деңгейін бақылай аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив