KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
523.86 544.34 5.11

Қазақстан мен Беларусь арасындағы мұнай келісіміне әзірге қол қойылмайды

30.09.2019, 05:28 177

Қазақстан мұнайын Беларуське жөнелту туралы келсімішартқа қазан айында қол қойылмайтын болды. Алайда энергетика вице-министрі Әсет Мағауов екі ел арасындағы мәмленің жыл соңына дейін сәтті аяқталатынына сенімді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі EADaily агенттігіне сілтеме жасап.

– Беларусь тарапы мұнайға ғана емес, газойль, мазут сияқты өңдеуге қажетті өнімдерге де қызығушылық танытып отыр.  Мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 3,5 млн тонна (жылына-ред), – дейді Ә.Мағауов.

Энергетика министрлігі басшысының орынбасарының айтуынша, екі елдің министрлігі мен «Белнефтехим» компаниясының арасында келісімшарт мәтіні толық мақұлданған. Ендігі жерде екі мәселе бар. Біріншісі – Минскінің Қазақстан мұнай өнімдерін өзге бір елге қайта экспорттамау міндеттемелері туралы. Екіншісі мәселе келісімнің күшіне енер уақытына байланысты болып отыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Беларусь басшылығы жергілікті мұнай өндіру зауыттарының Ресей шикізатына тәуелділігін төмендету үшін республикаға мұнай жеткізуді әртараптандыруға мүдделі. Айталық мамыр айында Александр Лукашенко бұрынғы елші Ермұхамет Ертісбаевтан қазақстандық мұнайды Белоруссияға жеткізу туралы келіссөздерді жандандыруды өтінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу