KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
450.79 482.21 5.05

Қарағайлыдағы қоқыс қашан шығарылады?

27.09.2019, 09:01 183

Қарағайлы ауданындағы қоқыстың неге шығарылмай жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Семейдегі Қарағайлы ауданында қоқыс шығарылмай жатыр деп жазған болатынбыз. Осыған байланысты қалалық ТҮКШ бөлімі жауап берді.

–      Қоқыстың жарты ай бойы шығарылмай жатқаны рас. Өйткені келісімшарт енді ғана жасалуда. Бұл ауданданның үйлері әлі толық пайдалуға берілген жоқ. Сол себепті осындай мәселе туындап отыр. Алайда жақын арада шешіледі. Алдағы уақытта қоқыстар шығарылып, қосымша тағы қоқыс жәшіктерін орнатамыз, – деді қалалық ТҮКШ бөлімі жетекшісі Амантай Өтелбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив