Семейдегі қоқыс шығару қызметі тұрғындардың шағымына жауап берді (ВИДЕО)
Семейдегі тұрғын үйлердің маңындағы қоқыс не себепті апталап шығарылмай жатады? Бұл сұраққа қоқыс шығару қызметі жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала жұртшылығының наразылығын тудырған мәселенің күн өткен сайын ушығып бара жатқаны айтылып-жазылып жатқан арыз-шағымдардан-ақ белгілі. Мәселен, Шәкәрім көшесі, 150 мекен-жайында орналасқан көп пәтерлі үйдің тұрғындары осыдан бірер күн бұрын «Қоқыстарды ешкім шығармайды» деп шағымданған болатын. аталмыш мәселеге байланысты қоқыс шығару қызметі ресми жауабын берді.
– Иә, шығарылмай жатқаны рас. Өйткені тұрғындар көліктерін қоқыс жәшіктеріне жақын қойып тастаған. Техникамызды жақындата алмаған соң, амал жоқ, кетіп қалады. Мәселе тұрғындардың салақтығынан туындап отыр, – дейді қоқыс шығару қызметінің мамандары.