Шешектің үстінде болған жол апаты кезінде көлік жанып кетті
Өскемен-Самар тасжолындағы жол-көлік оқиғасында үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қалаға кіреберістегі Шешек асуында Toyota Mark II мен Toyota Land Cruiser автокөліктері соқтығысты. Теріс рөлді Mark II-ні тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші алдындағы мәшинені басып озбақ үшін қарсы бетке шыққан екен. Ол алдынан келе жатқан Land Cruiser-ді байқамаған.
– Соқтығыс кесірінен Mark II көлігінен өрт шығып, үш адам жарақат алды, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметкері.
Куәгерлердің сөзінше, көліктен шыққан жалынды өрт сөндіруішілер сөндірген.
Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 1-тарау 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды.