KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

ШҚО-да төрт адам жол апатында қаза болды

16.05.2020, 21:16 183

«Омбы-Майқапшағай» тас жолының 816 шақырымында, Семей қаласынан 50 шақырым жерде жол апаты болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Семей жақтан шыққан «Toyota Land Cruiser 100» маркалы автокөлігі Шар қаласынан шыққан «Ваз 21015» автокөлігімен соқтығысқан.

«Ваз 21015» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында кқз жұмды. Қаза болғандардың арасында кәмелет жасқа толмаған жасөспірім бар екен.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі қамауға алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив