KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
492.22 529.38 5.03

ҚАЕУ Президенті Шығыстың құрметті азаматы атанды

12.09.2019, 06:02 164

 

Облыс әкімі Даниал Ахметов Қазақстан-Американдық еркін университеттің президенті Ережеп Мәмбетқазиевтің өңіріне облыстың құрметті азаматы төсбелгісін қадады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Биыл Қазақстан-Американдық еркін университетттің 25 жылдық мерейтойы. Осы жылдар ішінде аталмыш оқу орыннан 11 мыңнан астам жас түлеп ұшты. 

Айта кету керек, студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында, биыл білім ошағы Өскеменде бірінші рет жатақхана ашпақ. Студенттер үйінің ашылуы 14 қыркүйек күні болады.

– Республикада көптілді білім беру жүйесін алғашқы болып енгізген жоғарғы оқу орыны бүгінде жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын еліміздегі ірі ғылыми және білім беру орталығының біріне айналды. Тұңғыш Президен Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен ашылған университеттің түлектері бүгінгі күні артылған сенімді ақтап, оқу орындарын ғана емес, елімізді де әлемге лайықты деңгейде танытуда, – деп, оқу орын ұжымы мен студенттерді құттықтаған облыс әкімі университет басшысының төсіне арнайы белгі тақты.

Сондай-ақ «Co-Serve International» қорының президенті, ҚАЕУ-дың халықаралық қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсеннің иығына, ел дәстүрімен, шапан жапты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив