KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Үй саламын десеңіз эскиздік жобаны тегін алуға болады

10.09.2019, 08:20 206

Тұрғын үй салуды мақсат еткен тұрғындар үшін тегін үй жобаларын алуға болады. Бұл жайында облыстық Құрылыс, сəулет жəне қала құрылысы басқармасы мәлімдеді,-деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тұрғын үй салуға рұқсат алған азаматтар келесі кезекте эскиздік жоба әзірлейді. Мұндай жобалардың типтік әрі тегін түрлерін қалалық, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінен, облыстық басқарманың 301 кабинетінен немесе басқарма сайтының (www.depstroy.vko.gov.kz) «типтік жобалар» бөлімінен алуға болады.

– Үй жоспары бекітілген соң оны өзгертуге болмайды, - дейді облыстық Құрылыс, сəулет жəне қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсем Ақабаева. – Құрылыс эскиздік жобаға сәйкес жүргізілуі керек. Еліміздің Құрылыс нормаларына сәйкес, тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарды салу кезінде учаске шекарасынан тұрғын үй қабырғасына дейінгі аралық кемінде 3 метрді, ал шаруашылық құрылыстарға дейінгі аралық 1 метрді құрауы керек. Ал тұрғын үй мен басқа да құрылыстардың көлемін үй иесінің өзі белгілейді.

Құзырлы мекеме өкілінің айтуынша, «эскиздік жобаны келісу» мемлекеттік қызметі аясында эскизді келісу өтініші мен эскиздің электрондық көшірмесі Электронды үкімет порталына беріліп, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі. Бұл қызмет түрі азаматтарға 10 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив