KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-дағы Белоусов кен байыту фабрикасы тоқтатылады

6.09.2019, 06:28 239

KAZ Minerals Тобы 2019 жылғы 1 қарашадан бастап "Шығыстүстімет" ЖШС-не қарасты Белоусов кен байыту фабрикасының (ББФ) жұмысы тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

 Бизнес-процестерді оңтайландыру, шығындарды азайту және ресурстарды үнемдеу мақсатында фабриканың жұмысын тоқтату және кәсіпорынды консервациялау туралы шешім қабылданды. Белоусов КБФ-да өңделген Ертіс шахтасының кені Николаев КБФ-на жөнелтілетін болады. 2016 жылы Николаев фабрикасында ауқымды модернизация жүргізілді және кәсіпорынның қуаты қосымша шикізат көлемін өңдеуге мүмкіндік береді. ББФ-ның жабылуы "Шығыстүстімет" ЖШС-нің және жалпы Топтың өндірістік көрсеткіштеріне әсер етпейді.

 ББФ-ның қызметкерлер саны - 246 адам. Консервациялау жұмыстары кезеңінде кәсіпорында 26 адам жұмыс істейтін болады. Еңбек шарттарын бұзу кезінде еңбек заңнамасының барлық нормалары сақталып, ұжымның мүдделері барынша ескерілетін болады. Компанияның басқа кәсіпорындарында бос орындар болған жағдайда жұмыстан босатылатын қызметкерлерге олардың біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін жұмыс орындары ұсынылады.

 «Шығыстүстімет» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ильсур ДАУТОВ былай деп мәлімдеді: «Белоусов кен байыту фабрикасы біздің байырғы кәсіпорындарымыздың бірі. Ол өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастап жұмыс істеп келеді. Шикізат базасының біртіндеп азаюына және Шығыстүстіметтің байыту қуаттарын толық жүктеу қажеттілігіне байланысты біз Белоусов КБФ-ның жұмысын тоқтатуға және Ертіс шахтасының кенін Николаев КБФ жөнелтуге мәжбүрміз».

 ББФ "Шығыстүстімет" ЖШС Ертіс өндірістік кешенінің құрамына кіреді. Ол ШҚО Глубокое ауданы Белоусовка кентінде орналасқан. 1945 жылы іске қосылды. Компанияның құрамына 1999 жылы кірді. Ертіс шахтасының кенін өңдейді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу