KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына орай Семейде театр фестивалі өтеді

4.09.2019, 06:14 137

Қазақстанның халық артисі, театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың туғанына 100 толуына орай Семейде қазақ драма тетарларының республикалық фестивалі өтеді. Фестивальді Мәдениет және спорт министрлігі мен облыс әкімдігі ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

20-25 қыркүйек күндері болатын осынау өнер бәйгесіне еліміздегі 56 театрдың ішінен іріктеліп алған 12 өнер ұжымы қатысады.

Олардың қатарында облыстық драма театры да бар екенін жазды Шолпан Лақаева өзінің фейсбук парақшасында. Жазуынша, ұжым фестивальге «Қанды азу» спектаклін даярлаған.

– Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» повесінің желісі бойынша «Қанды азудың» сахналық жобасын жасаған – Байғали Есеналиев. Режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Қасымжанұлы Ұзақов. Қойылымның материалдық құндылығы жоғары, негізгі идеясы, адамзат пен оны қоршаған табиғат арасындағы қарама-қайшылық, ақ пен қараны бүгінгі ұрпаққа өнердің тілімен жеткізу, – деді театр қызметкері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив