KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

ШҚО әкімі бүгін жұмыс сапарымен Семей қаласында жүр

28.08.2019, 10:00 202

 Семейге арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Даниал Ахметов  ең алдымен қалалық әкімдікте жиын өткізді.  Басқосуда шаһардың әлеуметтік жағдайы, экономикасы сөз болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

      -Құрметті қауым, ертең еліміз бойынша ерекше күнді атап өтпекпіз. 29 тамыз БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша 29-шы тамыз  Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық күрес күні болып бекіген еді. Елбасы Семей сынақ полигонын сақтап қалу қажет, деген пікірге әу бастан үзілді-кесілді қарсылық көрсетіп, батыл шешім жасаған, полигонды тарихи Жарлығымен жапқан басшы. Бұл ұстаным әлем елдерінде қолдауға ие болды.Енді міне, халықты сауықтыру бағытында оң қадамдарға барып отыруы құптарлық іс, осыған орай Шығыс Қазақстан облысында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр,-деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасында ашылған гибридті операция залы хирургия саласындағы көптеген маңызды дүниелердің басын біріктіретіндігіне тоқталды. Бұл операция жасайтын классикалық бөлмеден ерекшелігі арнайы үлкен зал. Көп жүйелі блокта жаңа деңгейлі технологиялар мен құрал-жабдықтар ашық және шағын инвазивті лапароскопиялық түрдегі магнитті-резонанстық томография, хирургиялық рентген жүйелері, УДЗ саласы, бейнебақылау жүйесі арқылы күрделі операцияны сапалы жасау мүмкіндігі толық қамтылған.

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, бұндай жаңашыл технология Семей өңірін, облыс тұрғындарын жоғары медициналық көмекпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жәдел медициналық жәрдем ауруханасында гибридті хирургиялық операцияларға үшін жаңадан ашылған залдың да халық игілігі үшін жасалған үлкен шаруаның бірі екенін атап айтты. Бұл гибридті зал жоғары технологиялық сапалы стандарт ретінде  республикадағы  жалғыз кешен болып тұр. Семейдегі жаңа медициналық нысан JCI стандарты бойынша жобаланып, жабдықталған.

  Келесі кезекте сөз алған қала әкімі Ермак Сәлімов Семейдің даму қалпына, экономикалық күш-қуатына тоқталды. Ермак Бидахметұлы Семейде Қарағайлы жаңа шағын ауданындағы  «Абай Арена» мәдени-спорттық кешенінің құрылысы белсенді жүргізілуде екенін тілге тиек етті. Нысан үш блоктан тұратынын айтты. Олардың бірінде әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатса үшінші блоктың қасбеті 70 пайызға дерлік аяқталды. Нысанның құрылысына 8 компанияның 200-ден астам адамы тартылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив